Компания туралы

GEOTEC ЖШС Қазақстанда жобалау және іздестіру қызметтерін көрсету мақсатымен 2006 жылы құрылды. Беделді, әрі танымал Тапсырыс берушілермен қызмет ете отырып, GEOTEC байсалды және сенімді серіктес атағына ие болды.

GEOTEC оқиғаларды алдын-алу және қауіпті төмендету мақсатында өндірістік  қауіпсіздігі мен денсаулық қорғау жүйесін жетілдіруді жалғастыруда. Біздің мақсатымыз – өз Тапсырыс берушілерімізге сенімді болу. Біз Стандарттау (ISO) және Еңбекті қорғау мен Қауіпсіздік Техникасын Бағалау (OHSAS) бойынша Халықаралық ұйымымен орнатылған стандарттарды сақтай отырып өз қызметімізді жасаймыз. Жалпы үрдіс пен біздің қызметімізді жақсартатын жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, зерттеуді жалғастырамыз.

Төменде көрсетілген қағидаларға сүйене отырып, өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғау және сапа саласында Саясатты ұстанудың арқасында Тапсырыс берушілерге кәсіби қызмет көрсетіп, жоғарғы сапа деңгейін қамтамасыз етеміз:
• Біздің ұйымның атын шығаратын және Тапсырыс берушілердің кез-келген қиын тапсырмасын орындап, қойған мақсатына қол жеткізуге тәжірибелі мамандарымыз әрқашан дайын;
• Біз геодезиялық қызметтерімізді Қазақстан Республикасының аумағы ғана емес, оның шегінен тысқары жерлерде кеңейтуге  ниеттенеміз;
• Жұмыс барысында ең нақты көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында біз заманауй технологияларды қолданамыз;
• Берілген тапсырмаларды тиімді түрде шешу үшін біз компанияға қолайлы, әрі пайдалы ортаны жабдықтаймыз;
• Біз серіктестеріміз, Тапсырыс берушілерімізбен және қосалқы мердігерлерімізбен ұзақ, әрі тиімді қарым-қатынас құрдық.

Тапсырыс берушілеріміздің біздің компаниямыздың дамуына ықпал ететіндігін мақтан тұтамыз. Жұмыс бағасы мен көлеміне қарамастан Компаниямыз өз білімі мен кәсіпқойлығын қолдана және жаңарта отырып, ең жоғары сапалы қызмет түрін көрсетіп, әр Клиентімізге жекеше көңіл бөледі.  Жобаның көлемі біз үшін маңызды емес. GEOTEC өз Тапсырыс берушілерін бәсекелік бағасы орнатылған толық қызмет кешенімен қамтамасыз етіп, жоба жұмыстарын уақытында бюджет пен көлем шегінде тапсырып, мықты қарым-қатынас орнатты. Біздің үздіксіз жетілдірулеріміз Клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін синергетикалық үстемдік береді.

Лицензия және Сертификаттар

Iz Deyat 2
Iz Deyat 1
9001 KAZ
18001 KAZ

Компанияның негізгі қағидалары

GEOTEC өзінің Тапсырыс берушілерінің алдында төменде көрсетілген қағидалар мен міндеттемелерді негізге алады:
• Біз қызмет аясында бар мүмкіндіктер, білім мен тәжірибемізді бере отырып, Тапсырыс берушілеріміз үшін ең сенімді серіктес болуға тырысамыз.
• Біз өсиет нормаларына жүгіну мен мүмкіндіктеріміздің көбеюі, және жұмысты уақытылы тапсыру секілді өзіміздің негізгі құндылықтарымызды мақтан тұтамыз.
• Біз қауіпсіздікті бәрінен де артық қойып, жақсы еңбек жағдайларын туғызамыз.
• Біз үздіксіз өздігінен жетілдіру үшін қолайлы шешім іздеп және өзара түсіністікке қол жеткізе отырып, Тапсырыс берушілеріміздің пікірлеріне құлақ саламыз.

Кез-келген тапсырыс берушінің алдында GEOTEC жақсы атағын шығаратын тәжірибелі мамандарды іске қоса отырып, GEOTEC құндық-тиімді қызметтерін көрсетуді жалғастырады. GEOTEC беделі оның қаланған күнінен бастап тиімділігінің артуына тәуелді.  Өндірісте  жоғары жетістікке қол жеткізу үшін GEOTEC мүмкіндіктердің келешекті дамуы мен маңыздылығын арттыруға тырысады.

 

Тел./Факс: +7 (7172) 642 737
E-mail: info@geotec.kz

 

GEOTEC © 2018 Барлық құқықтар қорғалған
https://arctika.kz