Tехнологиялар

ScanStation P40

ScanStation P40

Жоғары сапалы 3D-деректер мен HDR бейнелерді секундына 1 млн. өлшемде аса жоғары жылдамдықпен сканерлеу, 270 метрге дейін алыстағыны ұлғайтып сканерлеу, кез-келген диапазонда қашықтықты жоғары дәлдікпен өлшеу, бұрыштық дәлдігі 8", екі осьтік компенсатор. Түсірім дәрежесінің координатасы бойымен қозғалу кезінде қос түзету және төмен шу диапазонымен бірлесе отырып, жоғары диапазон мен бұрыштық өлшеу дәлдігі - 3D нүкте бұлттарын картаға тез, әрі толықтай салынуына негіз болады.

Leica ScanStation C10

Leica ScanStation C10

«Scan Station C10» тұтынушыларға ғимараттардың толық ішкі және нақты түсірімімен қатар алыс қашықтықтағы түсірімдерді жасауға  мүмкіндік береді. Жаңа «Smart X-Mirror™» технологиясы лазер сәулесін жайғастыратын айнаның сканерлеу аумағының мөлшеріне  байланысты  айналу режиміне немесе еңкею режиміне аударылуына ықпалын тиігізеді. Сонымен қатар «Smart X-Mirror™» сканирлеу деректеріне текстураны дәл жайғастыруды қамтамасыз ететін лазер сәулесі бар жоғары рұқсаттағы орнатылған бейнекамерасын үйлестіреді.

Максимал (ең үлкен) диапазоны  -300м, аспаптың  салыстыруға жатпайтын  көпқырлығы, сыртқы пішіні мен көрінісі. «Leica ScanStation C10» ™ (HDS™) жоғары сапалы өлшемдер жүргізеді, бақылау және топографиялық жұмыстар үшін өте тиімді  болып саналады.

The Leica Nova TM50

The Leica Nova TM50

Шолу және 30 есе ұлғайтатын, әрі автотоғыстыру камерасы тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн үздіксіз бақылау процессін жүзеге асырады. Leica Nova TM50 - IT-байланыс инфрақұрылымы мен бағдарламалық жасақтама, геотехникалық тетік, тахеометрлер, ГНСС қабылдағыштар мен антенналар біріктірілген бірегей мониторинг жүйесінің компоненттерінің бірі болып табылады.

Leica SmartStation

Leica SmartStation

Leica SmartStation біріктірілген GNSS қабылдағышы бар электрондық тахеометрі. Жаңа революциялық геодезиялық жүйе. Алғашқы рет тахеометр мен спутниктік қабылдағыш бір жүйеде қосылған. Қуатты GNSS қабылдағышы бар жоғары өнімді тахеометр. Уақытты үнемдей отыра, дала GNSS қабылдағышы бар тахеометр қиын дала жағдайларында  геодезиялық өлшеулерді жасауға мүмкіндік береді.

Атқарылатын жұмыстың тиімділігін көтеру мақсатында бірнеше секунд ішінде RTK технологиясының көмегімен GNSS негізгі бекетінен 50 км қашықтықта бекет координаталары сантиметрлік нақтылықпен анықталады. SmartStation ыңғайлы, жеңіл және қолданыста оңай.

LEICA TPS & TS топтамасы

LEICA TPS & TS топтамасы

"GEOTEC" ЖШС дұрыс шешімдер қабылдау үшін дұрыс құралдарды қолданады. TPS1200+ тахеометрі әлемдегі ең күшті шағылмайтын өлшеу режимін қамтамасыз етеді. Шағылмайтын диапазоны – 2000м, жоғары дәлдігі ±2мм. Нүктенің лазерлік мөлшері 2см/50м.

Бұл басқа дербес тахеометрлерге қарағанда өте тиімді және тез құрал болып саналады, демек бағасы бойынша да ең тиімді құрылғы. Жетілдірілген «Мақсатты автоматты түрде тану (МАТ)» сенсорымен жұмыс жасай отырып, TPS1200+ қозғалыстағы призманы ең жоғары дәлдікпен, әрі сенімді дәрежеде бақылайды.

Leica Flexline TS09Plus электронды тахеометры орта дәлдік өлшеуді талап ететін тапсырмаларды шешу үшін қолданылады. Қашықтықты өлшеуде жоғары дәлдік қажет
етілсе, сіз TS09Plus пайдалана аласыз. Оның бұрыштық өлшеу дәлдігі 1', ал шағылмайтын өлшеулер 2 мм + 2 ppm.

Leica Viva TS11 кең ауқымды инновациялық өнімдер біріктіретін позициялау бойынша күнделікті проблемаларды шешуге арналған құрал. PinPoint лазерлі қашықтық өлшеуіш оңтайлы тепе-теңдік қашықтыққа, дәлдікке (1 мм + 1.5 ppm), сенімділік, көріну сәуленің мөлшеріне, лазерлік дақ және жоғары жылдамдықты өлшеуге (1 сек.) қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Leica Viva тахеометр мен инновациялық бағдарлама заманауй технологияларды қайта қарастыруда барынша жоғары тиімділік пен өнімділіктің жағдайын қамтамасыз етеді.

Leica DNA03

Leica DNA03

Әдеттегі  нивелирмен салыстырғанда «Leica digital levels» нивелирін қолдану уақыттың 50% үнемдейтінін тәжірибе көрсетті.  Мәліметтерді жедел жеткізу, қысқа мерзімде және деректерді сенімді өңдеу - оның ең басты құндылығы болып табылады.

Орташа квадраттық қате – тура  және кері жүрістің  (темір никель қорытпалы төрткілдеш) километріне ±0.3 мм болып табылады.

GNSS Leica Viva GS10

GNSS Leica Viva GS10

«Leica Viva GS10» кез-келген күрделі геодезиялық тапсырмаларды  жеңіл  шешуге мүмкіндік береді. Осы бірегей өнімде компанияның нақтылық пен сенімділігі болып табылатын басты қасиеттері біріктірілген. «Viva GS10» 120 каналы бойынша  L1 және L2  дабылдарын қабылдауға қабілетті. Компанияның патенттелген «Leica SmartTrack+  және Leica SmartCheck+» бірегей технологиялары жайғастыруды айрықша жылдамдықпен және нақтылықпен орындауға мүмкіндік береді.

Уақыты келгенде «GPS L5, ГЛОНАСС, Galileo» дабылдарын қабылдау үшін «GPS Leica Viva GS10» қабылдағышын жеңіл жаңартуға болады. Аспаптың функционалдығын жоғарылатуға  мүмкіндік беретін «NMEA» жіберу функциясы, «RINEX» жазу опциясы, мәліметтерді жаңарту жиілігін арттыру опциясы  қол жетімді.

Leica ALS50-II Әуе лазер сканері

Leica ALS50-II Әуе лазер сканері

Әуе лазер сканерлеуді (лидар аэротүсірім) жасау үшін «GEOTEC» компаниясында кеңістіктік координаталарды (5-7см) жоғары дәлдікпен  кеңістік нүктелерінің тығыз бұлтын алуды қамтамасыз ететін  «ALS-50-II» (LeicaGeosystems,  Швейцария) заманауи әуе лазер сканерлеу жүйесі бар.

«ALS-50-II»  әуе лазер сканерінің артықшылығы болып табылады:
• Сканерлеудің жүргізілуі  мүмкін бұрыштарының үлкен ауқымы;
• Үлкен биіктіктерден түсіру мүмкіндігі;
• Лазер бейнелердің нүктелерінің қалпын анықтаудағы жоғары жоспарлау дәлділігі;
• Түсірімнің салыстырмалы үлкен биіктіктен лазер бейнелердің нүктелерінің тығыздығын алуға мүмкіндік беретін «MPiA» (MultiplePulsesinAir) режимінің болуы.

Тапсырылған түсірім параметрлеріне арналған нүктелердің тығыздылығының мысалдары:
• Сканерлеу бұрышы - 25°
• Ұшу биіктігі - 1560 м.
• Әуе кемесінің жылдамдығы – 300 км/сағ.
• Нүктелердің орташа тығыздығы – 2.5 нүкте/м2

OKO‐2 Георадары

OKO‐2 Георадары

OKO-2 Георадары радиолокациялық үстірт астын зондпен тексеруге арналған құрал. Бұл жеңілдетілген жүйе кез-келген ауа райы мен ауа температурасында (-20°C - +50°C) жұмыс істейді. Экранның жарықтығы мен кереғарлығы суретті жарық күннің көзінде анық көруге мүмкіндік береді. Қуаттың аз пайдалануы георадарды қайта қуаттанусыз қызмет ету уақытын созады. ОКО-2 георадары ғимарат іші мен одан тыс жерлерде қолдануға арналған.

Сонымен қатар, бөлек жиілікте бір уақытта жұмыс істейтін 2 антеннаны өлшеуге мүмкіндік беретін екі каналдың түрлендіруі қолжетімді. ОКО-2 қорғалуларына немесе рупорлы антенналарына қарамастан кез-келген ОКО сериясының антенналарымен жұмыс жасауға арналған жабдық.

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Бағдарламалық қамтамасыз ету:
• Autodesk Infrastructure Design Suite
• LISCAD Surveying & Engineering Software
• Leica Geo Office Application Software
• Microstation V8i

Infrastructure Design Suite» – деген инфрақұрылым нысандарының жобалауына арналған «BIM» технологиясын іске асыратын бағдарламалық кешен. Компьютерлік үлгіге негізделген интеллектуалды құралдар дұрыс жоба шешімін қабылдауға және әрқашан қажетті мағлұматтың қол астында болуын, жоғары сапаның болуын қамтамасыз етеді. Кешен құрамына кіретін бағдарлама өнімдері инженерлерге суды қолдану, қоныстандырушылық және көлік құрылысы жобаларын қолдану мен жобалаудың барлық сатыларында нақты үстемдік береді.

Leica Geosystems HDS Cyclone — инжиниринг, геодезия, құрылыс және басқа да қолдану салаларында үш өлшемді лазерлі сканерлеу мағлұматтарының түрлі нұсқаларына арналған аса кең әдістерін қамтамасыз ету үшін шығарылған бағдарламалық кешен.

Cyclone пайдаланушыларға атқарушы және топографиялық түсірілім кезінде тиімділікті арттыру үшін Leica ScanStation C10 жаңа лазерлік сканердің (полигонометрлік барыс, кері таңба, артқы нүктені қадағалау) артықшылықтарын қолдануға, сондай-ақ пайдаланушыларға сканерлеу нүктелерінің бұлтынан атқарушы зауыт модельдерін тиімдірек жасауға мүмкіндік береді.

 

Тел./Факс: +7 (7172) 642 737
E-mail: info@geotec.kz

 

GEOTEC © 2019 Барлық құқықтар қорғалған
Веб-студия «Arctika»